Аймақтар • Бүгін, 16:30

Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы аумағында 15 сәуірден бастап өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ауқымды рейдтер өтеді. Аталған  іс-шара өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметтердің алда келе жатқан жылу маусымына әзірлігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ өрттің алдын алуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

«Осыған орай, 15 тамыз күні сағат 15:00-де «Ақ-Шаңырақ» жағажайының жанындағы автотұрақта рейдтік іс-шара өтеді. Рейд барысында ТЖД мамандары әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың үй-жайын аралап, оларға қауіпсіздік шаралары бойынша көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, біздің қызметкерлер жеке үйлердің мұржасын тексеріп, оны үй иесі тазалай алмайтын жағдайда болса, көмек береді. Сонымен қатар, үй ішінде улы газ бөлінгенде белгі беретін құрылғылардың бар-жоғын тексереді», дейді өңірдегі Төтенше жағдай департаментінің ресми өкілі Айдана Манатқызы.

Бүтін өңірді қамтитын өрт қауіпсіздігі айлығына  ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар,  еріктілер, әлеуметтік қызметкерлер, азаматтық қорғау органдарының өзге де қызметкерлері қатысады.

Қостанай облысы