Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:10

«Даму бала» арқылы 88 млн теңге жымқырғандар сотталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында балалар спорты мен шығармашылығын қолдауға бағытталған «Даму бала» платформасы арқылы кәсіпкерлер көрсететін қызметтерге бөлінген 88 миллион теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Даму бала» арқылы 88 млн теңге жымқырғандар сотталды

Фото: ашық дереккөз

Агенттіктің мәліметінше, Қызылорда облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тергеу нәтижесінде, мониторингтік топтардың құрамында болған қатысушылардың бірі өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып, сыбайласымен бірлесіп кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін оң шешу үшін сыйақы беруді ұсынған.

Нәтижесінде олар 88 миллион теңгеден астам қаражат иемденіп, оның бір бөлігін тұрғын үй (коттедж) мен автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласына бес жыл шартты жаза тағайындалды.