Оқиға • Бүгін, 16:20

Орал қаласында қоқыстан нәрестенің денесі табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 
Оралда жаяу жүргіншілер қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Орал қаласында қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Оқиға Зачаганск ауданындағы Бірлік көшесі, 17-үйдің жанында болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайды растады.

«Орал қаласында сәбидің денесі табылған факті бойынша полицейлер анасының кім екенін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті және оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.