
Өңірде 1 қыркүйекке дейін 14 мектеп пайдалануға беріледі. Оның тоғызы «Келешек мектебі». Жаңа нысандар 15 мың оқушыны қамтиды.
Үш ауысымды оқыту мәселесі біржола тоқтады. Өңірдің 77 білім беру мекемесінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталуға таяу.
–Биыл 34 нысанда күрделі жөндеу, 43 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов.
Білім ошақтарын заман талабына сай жөндеу оқушылардың сапалы білім алуына негіз қаламақ.
Ақмола облысы