Мереке • Бүгін, 12:30

Қыркүйек пен қазанда қандай қосымша демалыс бар?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың күзі отандастарымыз үшін қос мерекелік демалыспен есте қалмақ, деп жазады Egemen.kz.

Қыркүйек пен қазанда қандай қосымша демалыс бар?

Конституция күні биыл 30 тамызда, сенбіге түседі. Сондықтан мерекелік демалыс дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылып, бес күндік жұмыс аптасындағылар үш күн қатарынан 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер 30 және 31 тамызда ғана тынығып, 1 қыркүйекте жұмысқа шығады. Екінші ұзақ демалыс қазанда болады.

Республика күні 25 қазан да сенбіге сәйкес келгендіктен, бес күндік жұмыс аптасындағылар 25, 26 және 27 қазанда демалады. Ал алты күндік жұмыс режіміндегілер 25 және 26 қазанда демалып, 27 қазанда жұмыс істейді.

Мектептерде оқу жылы 2 қыркүйек, сейсенбі күні басталады. Білім министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, салтанатты жиынның нақты күнін әр мектеп өз педагогикалық кеңесінде белгілейді, сондықтан кейбір білім ордалары алғашқы жиынды 1 қыркүйекте өткізуі мүмкін.