Үкімет • Бүгін, 14:44

Цифрландыру арқылы теміржолды басқару жеңілдейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz  Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Цифрландыру арқылы теміржолды басқару жеңілдейді

Фото: Үкімет, телеграм

Ол министрлік теміржол саласын цифрландырудың бес бағытын іске асыруда екенін атап өтті. Біріншісі – мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру. Екіншісі – тасымалдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді реинжинирингтеу. Үшіншісі – инновациялық экожүйе құру және цифрлық технологияларды енгізу. Төртіншісі – жолаушыларды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету. Бесіншісі – транзиттік тасымалдарды онлайн бақылау жүйесін енгізу.

«2024 жылы салада 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Олардың барлығы электрондық форматта көрсетілді. Биыл Тізілім «Қауіпсіздік сертификатын беру» атты жаңа қызмет түрімен толықтырылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы онлайн форматта ұсынылған», деді Жаслан Мәдиев.

Жиында цифрлық технологияларды енгізу тасымалдың тиімділігін арттыратыны аталып өтті. Салаға келесідей цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Олар – магистралдық желінің цифрлық қосарланған моделін жасау, тасымалдарды жоспарлау үшін жасанды интеллект енгізу, вагон нөмірлерін бейне арқылы тану және «Вагон/жүк орнын анықтау» қызметін қосу, келу/кету дерегін анықтау үшін GPS-трекерлерден деректерді автоматты түрде қабылдау жүйесіне жіберу, вагон нөмірін тіркеу арқылы  тоқтап тұру уақытын автоматты есептеу. Аталған шешімдер жұмыс сатыларын 45%-ға, ал бизнес-рөлдерді 35%-ға қысқартады. Басқару оңай әрі ашық болады.