Саясат • Бүгін, 12:13

Еуропаның 10 мемлекеті Украинаға көмекке әскер жіберуге дайын

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 10 еуропалық мемлекет Украинаға өз әскерін жіберуге әзір екенін мәлімдеген. Бұл мәселе жақында өткен еуропалық шенеуніктердің жабық кездесуінде талқыланған, деп жазады Egemen.kz.

Еуропаның 10 мемлекеті Украинаға көмекке әскер жіберуге дайын

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, Ұлыбритания мен Франция бұл қадамға ашық қарап отыр. Әскердің нақты саны, олардың қай жерде орналасатыны және миссиясының сипаты әлі шешілген жоқ. Дегенмен, Еуропаның бірқатар елі Украинаға әскери көмек көрсетуді күн тәртібіне қойып отыр.

Ал әзірге әскер жіберуге дайын басқа мемлекеттердің аты жарияланбады. Сондай-ақ АҚШ-тың бұл жоспарға қаншалықты қолдау білдіретіні де белгісіз болып отыр.

Bloomberg мәліметінше, Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдіктерінің жаңа пакеті осы аптада дайын болмақ. Бұл бастама Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі қарсаңында Киевтің ұстанымын барынша күшейту үшін қолға алынып отыр.

Еуропаның мұндай шешімі соғыс барысына өзгеше бағыт беруі мүмкін. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, Украинаға тікелей әскер жіберу Ресей мен Батыс арасындағы қақтығысты одан әрі ушықтыру қаупін де тудырады.