
Ұлтымыздың құнды мүлкі ретінде мойындалған «Тобыл ойшылы» Қостанайдың ең ерекше жәдігерлерінің бірінен саналады.
«Тобыл ойшылы» 1976 жылы Тобыл өзенінің бойынан табылды. Ғалымдар көне мүсін осыдан 9 мың жыл бұрын жасалған деген болжам айтады. Антропоморфты ескерткіштің түпнұсқасы түрлі түйіршікті сұрғылт-қоңыр құмдақтан қашалған. Бойы 20 сантиметрден сәл ғана асады. Салмағы – 4 кг. Жәдігер 2022 жылға дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталып келді. Қазір Астанадағы Ұлттық музейде тұр.
Мүсіннің көшірмесін жасап шығу, орнату жағын жергілікті «Alpamys Group» құрылыс компаниясы қаржыландырған. Нысанның маңайына жарық тартылып, жан-жағына Қостанай қаласының тарихынан сыр шертетін түнде жанатын фотокөрме қойылған.
Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта мүсін маңында мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.
Қостанай облысы