Туризм • Бүгін, 14:04

Түркістан облысында тауда жоғалған 6 турист құтқарылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байдібек ауданындағы тауда із-түзсіз кеткен алты турист аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында тауда жоғалған 6 турист құтқарылды

Шымкенттен шыққан үш ер адам мен үш әйел пик Үлкен Тураға (Байдібек ауданы) саяхаттап барған. Бірнеше сағат бойы байланысқа шықпаған соң, олардың туыстары құтқарушыларға хабар берген.

Құтқару жұмыстары «Сырдария–Түркістан» ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілді. Іздеу тобына бес шақырымнан аса таулы аймақ пен өзен бойындағы қиын өткелдерден өтуге тура келген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, туристер түнгі уақытта табылды. Белгілі болғандай, топтағы бір әйел аяғын сындырып алған. Сол себепті серіктері оны таудан өз бетінше түсіре алмаған.

«Жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, эвакуация жасалды. Қалған саяхатшылардың жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады ТЖМ.

Мамандар қазақстандық туристерді тауға шығар алдында міндетті түрде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • Маршрутты туыстарыңызға хабарлау;
  • Байланыс құралдарын (рация, қосымша телефон) алу;
  • Қажетті дәрі-дәрмек жинағын дайындау;
  • Қиын жағдайда құтқарушыларға дер кезінде хабарласу.