АТЫРАУ. 23 маусым. Атырауда балықшылар торына салмағы 125 кило тартатын алып бекіре балығы түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен сенбіде «Тілекші» серіктестігінің балықшылары Жайық өзенінің төменгі сағасынан салмағы 125 кило тартатын алып бекіре тұқымдас бағалы балықты ұстады. Алып балықтың ұзындығы 2 метр 30 сантиметрді құрайды. Балықшылар салмағы ауыр балықты арнайы ыдыспен Атырау бекіре зауытына жеткізді. Зауыт директоры Рашидин Калимуллиннің айтуынша, бағалы балықтың басында және денесінде түрлі жарақаттары бар. Әлсіреуі байқалады. «Браконьерлер торына түскен болуы мүмкін» деген жорамал да айтылады.
«Жарақаты бар балық бір аптадай зауыт мамандарының бақылауында болады», – деді зауыт директоры Рашидин Калимуллин. Бекіре балығы зауытта арнайы күтімге қалдырыла ма, әлде теңіз айдынына қайта жіберіле ме? Осы сауалға байланысты зауыт мамандары әзірге нақты шешім қабылдай қойған жоқ.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахим Қойлыбаев.
• 23 Маусым, 2015
Атырау балықшылары 125 килолық алып бекірені ұстады

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше