Аймақтар • 21 Тамыз, 2025

Атыраудағы полипропилен шығаратын кешеннен қара түтін будақтады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысындағы шығаратын кешенде регенерациялық ауа компрессорының жұмысы тоқтап қалды. Соның салдарынан ауаға қара түтін будақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы полипропилен шығаратын кешеннен қара түтін будақтады

Кешендегі қара түтіннің фотосы мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС түсінік берді.

«Зауытта шілде-тамыз айларында негізгі тораптар мен жабдықтарды инспекциялауды қамтитын жоспарланған алдын алу жұмыстары жүргізілді. Іске қосу операциясы кезінде қорғаныс бұғаттауының іске қосылуынан регенерациялық ауа компрессоры тоқтап қалды. Бұл өндiрiстiк процестiң тоқтатылуына, өндiрiстiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында газдың артық қысымын шығару қажеттiгiне әкеліп соқтырды. Жүйедегі қысымды тұрақтандырғаннан кейін іске қосу операциялары штаттық режимде жалғасты», деп хабарлады компания.

Қазір зауытта іске қосу операциялары жалғастырылып жатыр.

«Полипропилен өндіру зауытында 99,9% концентрациясына дейін тазартылған пропан пайдаланылады. Бұл пропанда күкірт пен күкіртті сутек қоспалары жоқ», деп мәлімдеді компаниядан.