Бүгінде елімізде білім беру саласын түбегейлі жаңғырту үдерісі жүруде. Оның жаңа өрісі мен арнасы жоғары технологиялық жүйелер – мультимедиялық ұтқырлық, нано және ғарыштық тұрғыдағы ілім-білімді тереңдете түсуден тамыр тартады. Роботты техникаларды енгізу мен болашақ энергиясын өндіру жөніндегі XXI ғасыр талаптары да осы қатарда тұр. Әрине, бұл үшін, ең алдымен, білікті де білімді мамандар әзірлеу қажеттігі туындайды.
Осы орайда еліміздің жоғары техникалық мектептеріне жүктелген жауапкершілік жоғары. Яғни, оның түлектері жоғарыда аталған кең ауқымды бағдарламалардың байыбына бара алмаса, бәсекеге қабілеттілік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бұл мәселені Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде де ұтымды шешуге болатындығын КазИИТУ ғылым-білім кешені ұйытқы болып жүрген интеграциялық бастамалардан байқай аламыз.
Аталған кешен базасында Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберіндегі мәселелер биылғы жылы шоқтығы биік нақты іс-шаралар тұрғысынан көрініс таба бастады. Мысалы, мұнда биылғы жылы «Ғылым. Білім. Тәжірибе» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің іргелі және қолданбалы ғылымының белді өкілдері бас қосып, көрші мемлекеттердегі білім беру саласын жаңғырту мәселелерін ғылыми тұрғыдан саралап берді. Әсіресе, ғылым мен білімге инновацияны енгізудің өзекті жайттары жөнінде тың, соны ой-пікірлер айтылды.
Қалай дегенде де, интеграциялық байланыстарды байыту мақсатын көздейтін басқосулардың мәні зор демекпіз. Әсіресе, әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында оның рөлі мен тигізер ықпалы жоғары болмақ. Мұндай сыни кезеңде елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сонымен бірге, шекара мен ұлттық қауіпсіздікке қажетті факторларды жасақтай білудің де орны бөлек.
– Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер арасындағы интеграциялық үрдістерді оң жолға қою осындай игі мақсаттан бастау алады. Ресейлік ғалымдар академиялық оралымдылық шеңберінде біздің кешеннің магистранттары мен студенттері үшін дәрістер оқыды, – деді осы мақаланы газетке әзірлеу барысында КазИИТУ ғылым-білім кешенінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты Ақсерік Әйтімов.
Түйіп айтқанда, Орал қаласында дәстүрге айналған интеграциялық басқосулар қолдауға да, құптауға да әбден тұрарлықтай оң бастама деп санаймыз. Бұл үрдіс өңірдегі ғылым мен білім саласын одан әрі өркендетуге өз үлесін қосатынына сенім мол.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.
Суретте: интеграциялық басқосудан көрініс.

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19
Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Футбол • Бүгін, 11:12
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45