
Фото: City Transportation Systems
«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі оқушылар автобуста тегін қатынау үшін мектеп көлік картасын валидациялау немесе виртуалды тарифпен - «Avtobys» қосымшасымен QR-кодты сканерлеу қажет.
Мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассаға жүгінуге болады.
Бұл қызметті онлайн да алуға болады:
Пластикалық мектеп көлік картасы (ақылы - 1200 теңге)
• Картаны шығару немесе қайта шығару өтінімін Transcard.kz сайтында онлайн беру.
• Көлік картасы дайын болған кезде, кезексіз Орталық кассаның қабылдау бөлімінен алып кетуге болады.
Виртуалды мектеп көлік картасы (тегін)
• Transcard.kz сайтында онлайн рәсімделеді.
• Тексеру мен модерациядан кейін «Avtobys» мобильді қосымшасында «Стандарт» мәртебесі «Оқушыға» өзгереді.
• Жолақы қосымшамен QR-кодты сканерлеу арқылы расталады.
Айта кетейік, бірінші сынып оқушыларына мектеп көлік картасын рәсімдеу тек баланың деректері оқушылар дерекқорында пайда болғаннан кейін қолжетімді болады.