Есірткі • Кеше

Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, сатқан бес азамат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды прокуратура.

Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды

- 2019-2025 жылдар аралығында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде есірткі затын – көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, өткізуге әрекеттенген, - деп жазды бақылаушы органнан.

Аталған дерек бойынша Ұлытау облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша тергеу жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушыларға 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура есірткіні заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жарнамалау – ауыр қылмыс болып саналатынын және қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.