Экономика • Бүгін, 08:45

Экспорт елеулі нәтижеге жетті

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамытуға баса назар аударды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың арқасында сала тұрақты өсім көрсете бастаған.

Экспорт елеулі нәтижеге жетті

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Биылғы қаңтар-шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ин­вес­тиция көлемі бірінші жарты­жылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жеткен. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, салада 800 мыңнан астам бизнес субъектісі істерін дөңгелетіп, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

«Айтылды-жасалды қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмалары белсенді жүзеге асырылып жатыр. Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуал­дық штаб тиімді жұмыс істеп тұр. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл – 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылып, мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды», деді министр.

арман

Сауданы ын­та­ландыру және дү­кен сөреле­рін­дегі отандық тауар­лар үлесін артты­ру мақ­сатында отандық өндіру­шілер өнімдері үшін кемінде 50% сөре­лік кеңістікті көздейтін бағ­дарлама іске қосылған.

Сонымен қа­тар сапасыз әрі қа­уіпті өнімдердің іш­кі нарыққа енуі­не шектеу қою бағы­тын­да белсенді жұ­мыс қолға алынды.

Президенттің тапсырмасы не­гізін­де шикізат­тық емес экспортты әртараптандыру әрі арттыру мақсатында «бір терезе» қағидатымен қаражат құралдарының толық спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды. Биылғы 7 айда көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобаның 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылды. Бұл ретте орташа және жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 83%-ға жетіп отыр.

«Әлеуметтік маңызы бар бир­жалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізіл­ді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешу­ші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жо­йып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұ­рақты қамтамасыз етуге кепілдік бере­ді. Осы өзгерістерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз», деп түсіндіреді министр.

Отандық тауарларды сырт­қы нарықта ілгерілетуді күшей­ту үшін халықаралық инфра­құрылым қалыптасып жатыр. Мәселен, Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер мен ұлттық павильон­дар жұмыс істей бастады. Мұндай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин, Шандун провинцияларында бар. Өзбекстанда «Термез» халықаралық сауда орталығының аумағында отандық өнімдердің сауда павильонының есігі келу­шілерге әрдайым ашық. Экс­порт­ты ілгерілету бойынша жұ­мыс Қытайдан бөлек, БАӘ, Түр­кия, Үндістан және Иранда да қарқын­ды жүргізілмек. Олардың арасында «jd.com», «Doiyin», «Alibaba» сияқ­­ты сауда-сат­тық алаңдары бар.

«Кейінгі жылдары экспорт­тық әлеуетті артты­ру мә­­селесі ел эконо­ми­­касының негізгі ба­­сымдықтарының біріне айналды. Бұ­ған әлемдік на­рықтағы тұрақ­сыз­дық, шикізат баға­сының құбылуы мен геосаяси жағдай­лар­дың әсері себеп болып отыр. Экспорт құрылымына тоқтал­сақ, қазір оның негізгі бөлігі мұ­най-газ, металл және уран сияқ­ты дәстүрлі шикізатқа тиесілі. Дегенмен Үкімет кейінгі жылдары шикізаттық емес экс­порт­ты ұлғайтуды басты мақ­сат етіп қойды. Бұл бағытта агроөнеркәсіп өнімдерін сыртқы нарыққа шығару, мұнай-химия мен металлургияда терең қайта өңдеуді дамыту, машина жасау және ІТ қызметтерін экспорттау қолға алынған», дейді экономист Бауыржан Ысқақ.

бауыржан

Мәселен, отандық ұн, бидай, майлы дақылдар мен ет өнім­деріне Ресей, Қытай, Орта­лық Азия елдері және Таяу Шы­ғыс нарығында тұрақты сұра­ныс бар. Соны­мен бірге біз­дің инженерлік-техника­лық қызмет­тер де шетелдік компания­лар­ға ұсыныла бастады. Еліміз Дүние­жүзілік сауда ұйымының мүшесі ретінде ашық нарық қағидаттарын ұстанады. Бұған қоса Еуразиялық экономикалық одақ, Қытаймен шекаралық сауда және Еуропалық одақпен ын­тымақтастық экспортты әрта­рап­тандыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Біріншіден, кедендік әрі тариф­тік жеңілдіктерді оңтайлан­дырып, экс­порттаушыларға қо­лайлы жағдай жасалып жатыр. Екіншіден, логистика­лық инфрақұрылым дамып келеді. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізі мен Транскаспий бағыты арқылы жүктерді жылдам жеткі­зу мүмкіндігі кеңейтілді. Үшін­шіден, экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейіп келеді. Субсидия беру, сақтандыру, жеңілдетілген несие арқылы шағын және орта бизнеске сыртқы нарыққа шығуға жол ашылады. Жаңа Салық кодексінде де дайын өнім экспорттаушыларды қолдауға арнал­ған жеңілдіктер қарастырылған», дейді Б.Ысқақ.