
Фото: pixabay.com
Жоспар бойынша 10 энергия блогы, 63 қазандық пен 39 турбина жөнделуі тиіс. Қазірдің өзінде 5 энергия блогы, 22 қазандық пен 12 турбинаның жұмысы толықтай аяқталды, қалғандары әртүрлі кезеңдерде жаңартылып жатыр.
Жалпы жөндеуге 376,7 миллиард теңге қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық. Электр беру желілерінде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде: 17 мың шақырымға жуық желі, 420 қосалқы станса, 3,5 мың тарату пункті мен трансформатор жөнделіп жатыр. Бүгінде олардың басым бөлігі жаңартылып үлгерді. Ал жылу жүйесінде 323 шақырым құбырды қайта салу жоспарланса, соның 215 шақырымы, яғни екіден үш бөлігі орындалды.
Министрдің айтуынша, барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде бітеді. Демек, биыл қыста халық жарық пен жылудан қиындық көрмей, алаңсыз отыра алады.