
ҰКО-ның айтуынша, бастысы дұрыс жағдай жасау. Біріншіден, жарық жақсы болуы керек. Терезенің қасына отырсаңыз немесе бетіңізді толық көрсететін шам жақсаңыз, жүйе сізді оңай таниды. Ал егер жарық артыңызда болса, камера бет-жүзді анық көрмей қалуы мүмкін.
Екіншіден, камераны дұрыс қойыңыз. Ол тым жоғары не төмен емес, тура көзіңіздің деңгейінде тұруы керек. Сонда көлеңке түспейді, жүйе қате танымайды.
Тағы бір маңызды нәрсе – құрылғыны таңдау. Компьютермен кіргенде алдымен QR-код шығады. Сол кодты телефон арқылы сканерлеп, биометриядан смартфонмен өткен әлдеқайда жылдам әрі тұрақты болады.
ҰКО ескерткен тағы бір жайт – егер онлайн биометриядан нәтиже шықпаса, онда ең жақын ХҚКО-ға барып өтуге болады. Немесе digital-id.freshdesk.com сайтына кіріп, техникалық қолдау қызметіне жүгінуге мүмкіндік бар.