Әлем • Кеше

Қытай ресейліктер үшін бір жыл бойы визасыз режим енгізеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжің 15 қыркүйектен бастап тұрақты шетелдік төлқұжаты бар Ресей азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қытай ресейліктер үшін бір жыл бойы визасыз режим енгізеді

Фото: Ашық дереккөз

Ресей азаматтары үшін визасыз режим 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейінгі аралықта енгізіледі. Қазіргі уақытта бұл шара бір жылдық сынақ режимінде жүргізілмек.

Наурыз айында Мәскеу мен Бейжің екі ел азаматтары үшін осындай шараларды талқылап жатқанын хабарланған болатын. Тамыз айында Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы тараптар туристік топтар үшін екі адамнан тұратын визасыз режимді пысықтап жатқанын мәлімдеген.

Қазірге дейін Ресей азаматтарына Қытайға бару үшін виза қажет. Дегенмен Гонконгке 14 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілген, Макао мен Хайнань аралына – 30 күнге дейін. Ал Қытайдың басқа аймақтарына сапар шегу үшін виза рәсімдеуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы «Визалық талаптардан өзара босату» туралы келісімге сәйкес екі ел арасында визасыз режим енгізілген. Сонымен қатар бұған дейін Қытай 75 елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізген болатын.