Ауа райы • Бүгін, 09:40

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Шығыста қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік пен батыста бұршақ түсуі ықтимал. Ал оңтүстікте күн ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: Ашық дереккөз

Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Солтүстік, шығыс және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысы, батысы және солтүстігінде, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +20…+22°C, жел 3–8 м/с. Алматыда күн ауыспалы бұлтты, ауа температурасы +23…+25°C, жел 3–8 м/с. Ал Шымкент: күн ашық, күндіз +32…+34°C, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с.