
Фото: .bbc.com
WLFI атауын алған криптовалюта дүйсенбі күні сауда алаңына шыққаннан кейін бір токеннің бағасы шамамен 40 центке дейін көтерілген. Алайда сейсенбі күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша, құны 48 пайызға төмендеп, 21 центке дейін түскен. Күннің екінші жартысында бағасы біршама қалпына келіп, 23 цент шамасында тұрақтаған.
Бағаның құлдырауына қарамастан, Трамп әулетінің үлесі 5 миллиард доллар көлемінде бағаланып отыр. Себебі олардың иелігінде 22,5 миллиард WLFI токені бар.
World Liberty Financial мәліметінше, Дональд Трамп пен оның отбасы әзірге өз активтерін сата алмайды, себебі негізін қалаушыларға тиесілі токендер уақытша бұғатталған.
Компанияның түсіндіруінше, WLFI – бұл тек қаржылық актив қана емес, сонымен қатар оның иелеріне World Liberty Financial қызметін басқаруға байланысты мәселелерде дауыс беру құқығын беретін арнайы токен.
Айта кетейік, Дональд Трамп президенттік екінші мерзімі кезінде цифрлық активтерді қолдайтынын мәлімдеп, АҚШ-ты «әлемнің криптоастанасына» айналдыратынын уәде еткен болатын.