
Фото: Freepik
Сотта анықталғандай, биылғы жылдың шілде айында Байзақ ауданындағы стоматологиялық емхананың алдында сотталушы жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Салдарынан сотталушы М. сөмкесінен атыс қаруын алып, жәбірленушінің кеудесінің сол жағына бір рет оқ атып, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Прокурор сотталушыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушы өз кінәсін толықмойындап, жәбірленушімен татуласқанын және оған келтірілген зиянды өтегенін айтқан. Ал жәбірленуші сотталушыны кешіргенін растап, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінген.
«Сот қаулысымен М. кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданумен тағайындалған жаза шартты деп танылды», делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.