Шахмат • Бүгін, 08:10

Самарқандағы сайыс

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтан ерлердің «FIDE Grand Swiss» және әйелдердің «FIDE Women’s Grand Swiss» турнирі басталды. Жарыста әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді ойыншылар бақ сынайды.

Самарқандағы сайыс

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 850 мың АҚШ доллары. Ерлер сайысында озған ойыншыға 90 мың доллар табыс етілсе, әйелдер арасындағы бәсекеде бас жүлдені олжалағанға 40 мың доллар табыс етіледі. Ең бастысы, Самарқандағы додада бірінші, екінші орынды иеленген шахматшылар 2026 жылы өтетін «Үміткерлер турниріне» қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысушылар жайында айтар болсақ, әйелдердің жарысында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Хоу Ифань (2609 ұпай, Қытай) мен қазіргі чемпиондық тәждің иегері Цзюй Вэньцзюньнен (2570, Қытай) бастап, Чжу Цзиньэр (2548, Қытай), Александра Горячкина (2528, FIDE), Дивья Дешмух (2478, Үндістан), Хампи Конеру (2535, Үндістан), Тань Чжунъи (2531, Қытай), Анна Музычук (2535, Украина), Катерина Лагно (2505, FIDE), тағы да басқа мықтылар өнер көрсетеді.

Ерлер бәсекесінде 116 спортшы бақ сынайды. Солардың арасынан әлем чемпионы Гукеш Доммараджуды (2767, Үндістан), оның отандастары Дүниежүзілік Олимпиаданың жеңімпаздары Рамешбабу Прагнанандха (2785) мен Арджун Эригайсиді (2771) бөле-жара атап өтуге болады.

Турнирде еліміздің намысын Бибі­сара Асаубаева (2509), Меруерт Кама­ли­денова (2349), Ксения Балабаева (2383), Елназ Қалиахмет (2299) сынды шах­мат­­шылар қорғайды. Есімдері атал­ған осы ойын­шылардың ­былтыр Мажар­станның астана­сы – Буда­пеште жалауы желбіреген Дүние­жүзілік шахматшы­лар Олимпиадасында күміс медаль иелен­генін жанкүйерлер жақсы біледі.