Білім • Бүгін, 14:15

Биыл 52 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары пысықталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл  52 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет отырысында Премьер-министр қазан айына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Бектеновтің айтуынша, олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек.

«Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет. Оларды жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуге тиіс. Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, «Sana» жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет», деді Олжас Бектенов.

Бұдан бөлек Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне екі ай мерзімде білім алушыларға үздіксіз көп деңгейлі экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негіздерін бекітуді, сондай-ақ цифрлық даму министрлігі Ғылым министрлігіне инновациялық саясат жөніндегі функцияларды беру мәселелерін қамтамасыз ету жүктелді.