Оқиға • Кеше

Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Бесағаш ауылында 20 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды

Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға орын алғаны туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, 20 жастағы жігіт 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.

Аталған деректі Алматы облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 8 қыркүйек күні Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Марқұм Алматы қаласының тұрғыны екені анықталған.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның өз-өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекеттенгені жоққа шығарылмайды», делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.