Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:12

Жерлестеріміз жеңіске жетті

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Жарыстың басты жекпе-жегінде еліміздің танымал былғары қолғап шебері Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) пен Танзанияның тарланы Джозеф Майгвисия (14-4, 10 КО) күш сынасты.

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Таяуда ғана құрылған ­«Ali Akhmedov Promo­tions» компаниясы ұйым­­дастырған жарыста есім­дері көп­шілікке беймәлім бірқа­тар боксшыға өз шеберлікте­рін көрсетуге мүмкіндік бе­ріл­­ді. Олардың дені сенімді ақ­тап, жергілікті жанкүйерлерді жар­қын жеңістерімен қуант­ты. Атап айтсақ, Қанат Сангил (8-0, 4 КО) үндістандық Харджот Сингхты (11-2-1, 11 КО), Ролан Огай (1-0) таиландтық Комсан Вонгсуринді (1-11, 1 КО) бірінші раундта-ақ ұрып жықса, Ба­уыр­жан Бекмұрзаев (6-0-1, 5 КО) өзбекстандық Шаробид­дин Джурахоновты (2-7-1, 2 КО) екін­ші раундта есінен тандырды. Фарух Тоқтасыновтың (3-0, 2 КО) қарсыласы Шаробиддин Джурахонов (2-7-1, 2 КО) жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Виктор Теміров (9-0, 6 КО) Үнді елінің тағы бір өкілі Сантош Баралиді (2-2, 1 КО) ұпай санымен ұтты. Достанбек Мамұтов (1-0) пен Рафаил Иванов (0-1), Нұржан Серікбаев (7-2, 7 КО) пен Ынтымақ Дәуіт (2-2, 1 КО) сынды жерлестеріміздің өзара айқасы алғашқылардың пайдасына шешілді.

Спорттық мансабын әуес­қой рингтен бастаған Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) қазіргі кезде кәсіпқойлар арасында табыс­ты өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін­гі кездесулерінің барлығында жеңіске жеткен Балауса бұл жолы үндістандық Мамта Сингхты (7-2-1, 4 КО) төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Көптен бері көрінбей кеткен Жанқош Тұраровты (28-0, 20 КО) жанкүйерлер сағынып қалған екен. Балуан Шолақ атын­дағы спорт сарайына жиналған көрермендер сақа спортшыны ерекше қошеметпен қарсы алды. Жанқоштың жолы филип­пиндік Әли Канегамен (12-2-1, 8 КО) қиысты. Қандасымыз қарсыласын бәсекенің басынан аяғына дейін төмпештеді. Тіптен бірнеше мәрте нок­даунға да жіберді. Жекпе-жек аяқталған­нан соң, төрешілер бірауыздан Жан­қоштың мықтылығын мойын­­дады.

Алыстағы Америкада шың­далып, ұзақ уақыт бойы даңқты Геннадий Головкинмен бірге жаттыққан Әли Ахмедов (24-2, 17 КО) Алматыдағы жарыста Танзаниядан келген Джозеф Майгвисияның (14-4, 10 КО) тас-талқанын шығаратынына сенімді едік. Бірақ біз ойлағандай болмады. Африкалық боксшы қаймықпай айқасып, Әлиге әжептәуір қарсылық көрсетті. Десек те Майгвисияға қарағанда біздің боксшының соққылары дәлірек әрі қаттырақ тиді. Сол себепті де төрешілер Ә.Ахмедовті жеңімпаз деп таныды.