Теннис • Бүгін, 08:20

Заңғардың табысы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде Заңғар Нұрланұлы табысты өнер көрсетті.

Заңғардың табысы

Дарынды жас теннисші тұсаукесер кездесуін­де әлемдік рейтингте 12-орында тұрған польшалық Алан Важныды 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Келесі кезеңде үздіктер тізімінде алтыншы сатыға жай­ғасқан финляндиялық Оскари Палданиусты жолынан ығыс­тырды – 3:6, 6:1, 6:2. Ширек финалда Нұрланұлы Тимофей Дерепаскомен күш сынасты. Ресей ойыншысы рейтингте 13-орында тұр. Соған қарамастан ширақ қимылдап, сауатты ойнаған қан­дасымыз Дерепасконы еш қи­нал­май жеңді – 6:2, 6:4.

Жартылай финалда Заңғардың жолы «ITF Juniors» рейтингінің көшбасшысы, болгариялық Иван Ивановпен қиысты. Ол өз кезегінде үш сеттік сайыста германиялық Максим Шонхауэсқа шаң қап­тырған еді. Бұл бәсекеде Иванов­тың мысы басым болды – 6:1, 6:4. Десек те Заңғар Нұрланұлының есімі жасөспірімдердің «US Open» турнирінде жартылай финалға дейін жеткен еліміздің тұңғыш теннисшісі ретінде тарихқа енді.