Үкімет • Бүгін, 14:20

Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенконы қабылдап, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Әңгіме барысында тараптар цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім салаларындағы өзара іс-қимылға баса мән берген. Кездесу қатысушылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің тұрақты байланысы екі ел арасындағы экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық серіктестіктің дамуына серпін беріп отырғанын атап өтті. 

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартысында екіжақты тауар айналымы $12 млрд-қа жеткен. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, бұл көрсеткішті $30 млрд-қа дейін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Сапар барысында Дмитрий Чернышенко Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ ММУ мен ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалдарын аралап, олардың қызметімен танысады.