Оқиға • Бүгін, 10:10

Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды

Ашық дереккөз

«2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы қаражатын пайдалану бойынша өтініштер қабылданбайды. Аталған күнге дейін түскен өтініштер штаттық тәртіпте қаралады», деп мәлімдеді Отбасы банк баспасөз қызметі.

Банк тіс емдеуге жинақтарды пайдалану бойынша өтініштерді қайта қабылдау мерзімі туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.

«Отбасы банктің» дерегінше, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан стоматологиялық қызметтерге 435,1 миллиард теңге бағыттаған. Оның 98 пайызы протездеу мен имплантацияға жұмсалған.