
Фото: Ашық дереккөз
Тексеру нәтижесінде бейнежазбадағы ер адам облыс тұрғыны екені анықталған. Ол өз әкесіне қол көтерген, ал әйелі бұл жағдайға араласпай, кедергі келтірмеген. Көріністі көршісі жасырын түсіріп, желіге жариялаған.
Қарияның өлімінен кейін күдіктіге Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал күдіктінің әйелінің үстінен ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала тергеу кезінде барлық қажетті шаралар атқарылады. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталған соң, заңға сәйкес шешім қабылданады. Сонымен қатар келіп түскен шағымдар да қаралып, істің соңында барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары марқұм өмірден озғанға дейін одан немесе өзгелерден полицияға шағым түспегенін атап өтті.