Медицина • Бүгін, 21:24

Алматыда Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда қант диабетіне шалдыққандар үшін шапағаты мен шипасы мол маңызды оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды

ҚазҰМУ консорциумының құрамына қарасты Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-де Республикалық эндокринология және қант диабеті құзыреттері орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қаласының ҚДБ басшысы Марат Пашимов және елдің жетекші мамандары қатысты.

Қазіргі таңда қант диабеті - ең көкейкесті сипатқа ие әлеуметтік аурулардың бірі.

Халықаралық қант диабеті Федерациясының мәліметтері бойынша әлемде 589 миллион адам қант диабетімен өмір сүреді, ал 2050 жылға қарай олардың саны 853 миллионға жетеді, деген дерек бар.

Ал Қазақстанда 544 684 пациент тіркелген, оның ішінде 6 мыңнан астам бала болса, 2 типті қант диабеті жағдайлардың 95%-ын құрайды.

Жаңа орталықтың ерекшелігі неде десек, орталық эндокриндік аурулары бар пациенттерге кешенді көмек көрсету үшін құрылған және заманауи жабдықтармен жарақталған.

Эндокринолог кабинеті - эндокриндік патологияларды диагностикалап, ем-дом жүргізеді.

Жаңа медициналық Орталық Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Солтүстік Еуропадағы ең ірі диабет орталығы – Steno Diabetes Center-мен (Копенгаген) тәжірибе алмасудың арқасында жүзеге асты.

Озық технолргиялармен жабдықталған орталық - Қазақстанның эндокринологиялық қызметін нығайтып, мыңдаған пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған маңызды қадамның бірі.