Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:45

Бектің жарқын жеңісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде екінші орта салмақта күш сынасып жүрген Бек Нұрмағанбет кезекті жекпе-жегін өткізді.

Бектің жарқын жеңісі

Кезінде әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған Бек 2020 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетеді. Бес жыл ішінде 14 жекпе-жек өткізген ол барлығында жеңіске жетіп, 12 бәсекені мерзімінен бұ­рын аяқтады. Соңғы рет биыл сәуір айында Филадельфия штатында өткен жарыста Коста-Риканың өкілі Энкарнасьон Диасты бірінші раундта ұрып жықты. Бұл күндері қандасымыз Мексиканың атақты боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен бір залда жаттығады. 

Бұл жолы Бек Нұрмағанбет Стивен Самптермен сайысқа түсті. АҚШ боксшысы кәсіпқой рингте 13 кездесу өткізіп, 11 рет басымдық танытты. 9 қарсыласын нокаутқа жіберді. Бір рет ұтылып, тағы бір тартыста тең есеп тіркелді. Биыл мамыр айында Самптер колумбиялық Ханер Гонсалесті бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, «WBC USA Silver» нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленген еді. Десек те қандасымыз бұл кеште қарсы­ла­сына дес бермеді. Екінші раундта Бек оны ауыр нокдаунға жіберді. Үшінші раундтан кейін Самптер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.