
Фото: abw.by
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 360-тан астам жол-көлік апаты орын алған.
Премьер-министр әлем елдерінің тәжірибесіне назар аударып, кей мемлекеттерде мұндай көлік түрлерін пайдалануға шектеу қойылған немесе толықтай тыйым салынғанын атап өтті.
«Жолдауда Мемлекет басшысының осы өзекті мәселеге назар аударуы кездейсоқ емес. Мәселен, Парижде 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап самокаттарды жалға алуға тыйым салынды. Тек өз құралыңды пайдалануға рұқсат. Өткен жылдың қазан айынан бастап Мадридте де дәл осындай шектеу шаралары күшіне енді. Ұлыбританияда әрбір электросамокатқа мемлекеттік нөмір беріліп, оны тек жүргізуші куәлігімен ғана басқаруға болады», деді Бектенов.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне заңнамаға тиісті өзгерістерді жедел дайындауды тапсырды. Оның айтуынша, жол қозғалысында адам өмірі мен денсаулығын қорғау барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы биліктің басты міндеті болып қала береді.