Жәдігер • Бүгін, 07:55

Музейдегі мұнай

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әулиекөл ауданында мұнай қоры мол екені жиі айтылып жүр. Қостанайдағы геологиялық мұражайда кезінде осы өңірдің мұнайын барлау жұмыстары кезінде алынған үш құты «қара ал­тын», сондай-ақ мұнай кені аумағында орнатылған барлау ұңғысының макеті сақтаулы тұр.

Музейдегі мұнай

«Алғашқы барлау жұмысы 1961 жылы жүргізілді. Ол кезде 1 тонна мұнай алынған. Мы­нау колбадағы мұнай сол кезде құйылып алынды. Одан кейін 2013 жылы «Энергоресурс» серіктестігі Новонежин аума­ғында барлау жасап, жер қой­науындағы «қара алтын» қо­ры­ның қанша тереңдікте жат­қанын анықтады. Мұнайдың ауда­нын нақтылады. Мысалы, мына банктегі мұнай 550-600 метр тереңдіктен алынған. Алайда біздің мұнай өте терең­де жатыр. Оған жету үшін 2 ша­­қырымға дейін ұңғы жіберу ке­рек болады. Бұған шығын көп кететіндіктен, өнімнің өзін­дік құны да қымбатқа шығады», дейді музей меңгерушісі Вера Едігенова.

Геолог-мамандардың ай­туынша, Әулиекөл мұнай ке­ні­нің аумағы шамамен 1 254 шар­шы километр болады. Жерасты ­қа­батындағы 2500 метр мен 3600 метр тереңдіктің аралығын мол мұнай қоры алып жатыр.

ва

Осы орайда, Торғай өңірінде де мол мұнай қоры жатқанын айта кеткен жөн. Осыдан екі ай бұрын облыс әкімдігінде өткен жиында «North Oil» серіктестігінің басшысы Бейбіт Әбибуллаев қыркүйекте Жан­гелдин ауданындағы Жы­лан­шық өзенінің маңайын­да гео­ло­гиялық барлау жұмы­сын бас­тайтынын айтқан. Бар­лау жұмысы бір жылға созылады. Егер Жыланшықта коммерциялық мұнай мен газ қоры бар екені анықталып, ол мемлекеттік қор балансына енсе, тек төрт түлікпен ғана күн көріп отырған Торғай халқының да жағдайы жақсара түсер ме еді. Алайда мұнай, қазірше, музейде ғана тұр.

 

Қостанай облысы