Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шет ауданының Еңбекшіл ауылында елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи жабдықталған нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетіп, шұғыл жағдайларда аудандық аурухананың реанимобиль көлігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда жаңа медициналық пункт ашылды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде салынған.

Медициналық пунктте дәрігерге дейінгі тексеру, қарау және емдік кабинеттер жұмыс істейді. Бұл Шет ауданында қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз жоба емес. Қазіргі таңда Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүріп жатыр.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық нысанның 24-і тұрғызылып, 11-і пайдалануға берілген. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда, олардың биыл қыркүйек айының соңына дейін тапсыруы жоспарланған.

Жаңа медициналық нысандар ашу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған 655 жобаның 540-ы толық іске асқан.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35