Экономика • Бүгін, 15:40

Елімізде ең көп көлік қай өңірде тіркелген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 159,5 мың автокөлік тіркеуден өткен. Оның 5,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ең көп көлік қай өңірде тіркелген

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Ресми статистика бойынша, тамызда Алматы қаласында 20,7 мың көлік тіркелген. Бұл Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш. Екінші орында - Алматы облысы тұр. Бұл аймақта 15,6 мың көлік есепке қойылған. Үшінші көлігі көп қала - Астана. Елорда 14,5 мың машина тіркеуден өткен.

Тамызда есепке қойылған көліктердің 59,7 %-ның жолда жүйіткіп жүргеніне 10 жылдан аса уақыт өткен. Қозғалтқыш көлемі бойынша басым бөлігі (36,3%) 1 500-2 000 см³ аралығында екені анықталған. 

Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдегі жаппай тіркелген автокөлік  саны - 6 786,9 мың. Бір жылда 21,6 % мөлшерінде өсім байқалып отыр.

Жалпы жиынтық бойынша да Алматы қаласында көлік көп - 797,2 мың. Алматы облысында 723,9 мың машина тіркелген.

Автокөліктердің 91,9 %-ы жеке меншікте, қалғаны заңды тұлғалардың атына тіркелген.