Энергетика • Бүгін, 17:16

Атом энергетикасын дамытудағы басымдықтар талқыланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атом энергетикасы халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында Атом энергиясы жөніндегі агенттк төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен АЭХА Бас директорының орынбасары Михаил Чудаков арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атом энергетикасын дамытудағы басымдықтар талқыланды

Фото: wallpapers.com.

Кездесуде ұлттық атомдық инфрақұрылымды дамыту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі АЭХА бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы басымдықтары талқыланды. Ерекше назар ядролық қауіпсіздік мәселелеріне, білікті кадрлар даярлауға және саланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыруға аударылды.

«Біз АЭХА тарапынан көрсетіліп отырған жан-жақты қолдауды, соның ішінде сараптамалық сүйемелдеуді және озық тәжірибемен алмасуды жоғары бағалаймыз. Қазақстан АЭХА-ны қауіпсіз әрі тұрақты атом энергетикасын дамытудағы негізгі серіктес ретінде қарастырады әрі Агенттік бастамалары аясында белсенді ынтымақтастықты жалғастыру ниетінде», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды табысты ілгерілету мен атом саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында күш-жігерді одан әрі үйлестіруге дайын екендерін растады.