
Көненің көзі болатын бұл ағаш табақтан сол дәуірде Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханның өзі де дәм татқан деседі. Табақ емен ағашынан жасалыпты. Содан да болар, сол қалпы сақталған.
«Қанша дегенмен ғасырдан астам сақталған ағаш табақтың сақталуы, өзінің баға жетпес құндылығы, қасиеті, таңдап алынған ағашының мықтылығында шығар. Ең бастысы, халыққа қадірменді тұлғаның тұтынған дүниесі. Әлихан атамыз Омбыда қызметте жүріп, елге оралғанында үш ағаш табақты кәдесый ретінде әкеліп, анасы Бегім ханымға, Сақып жеңгесіне және үшіншісін қарындасы Нұрбекке тарту еткен деседі», – дейді музейдің ғылыми қызметкері Сағат Ерғалыұлы.
Музейге көне жәдігерді Ақтоғай ауылының тұрғыны Ғайныш Жарова табыстапты.
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы