Тінту барысында оның үйінен 21 ұялы телефон, түрлі операторлардың 48 SIM-картасы және модем тәркіленді. Мұның бәрі елді алдап, жеңіл пайда табу мақсатында қолданылған.
Полиция мәліметінше, алаяқтардан Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Семей қалаларының тұрғындары зардап шеккен. Бүгінге дейін қозғалған бес қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын көлемі 80 миллион теңгеден асып жығылады. Өкініштісі сол, алданған жұрт жалған нөмірлерге еш күмәнсіз ақша аудара берген.
Тергеу барысында полиция 17 – 20 жас аралығындағы тағы 15 жасөспірімнің осындай заңсыз әрекеттерге тартылғанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысқаны үшін үшін тек өздері ғана емес, ата-аналары да қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Полиция облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып жастар арасында қылмыстың алдын алу іс-шараларын бастады.
«Көпшілікке Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілгенін қайталап ескертеміз. Мәселен, енді жеке дерегін немесе SIM-картасын алаяқтарға берген дропперлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондықтан әлемжеліде күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар, банктік карталарыңыздағы деректі, телефоныңызға келген бір реттік кодты, тіпті таныс адам сұраса да, ешкімге айтпаңыздар», деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қостанай облысы