Алматы • Бүгін, 15:13

Алматы зообағында тегін экскурсиялар өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала күніне орай Алматы зообағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасыларына, сондай-ақ мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарының тәрбиеленушілеріне тегін экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы зообағында тегін экскурсиялар өтіп жатыр

Соңғы бірнеше күннің ішінде мыңнан астам оқушы экскурсияға қатысып, жануарлар әлемі жайлы тың мәлімет алған. Әсіресе, мұндағы дәстүрлі шолу бағыттары көпшілікті қызықтырған. Келушілерге барлық жануарларды қызықтауға мүмкіндік туып, «Қызыл кітап беттерінен», «Нептунның су асты әлемі» секілді арнайы тақырыптық экскурсиялар ұсынылады.

«Біздің тапсырыс кестеміз айдың соңына дейін толып тұр. Ауа райы қолайлы болып, мереке күндері мүмкіндігінше көп адамды қуанта аламыз деп сенеміз»,  деді даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжәми Рахимова.

Айта кетейік, зообаққа 6 жасқа дейінгі балалар, ерекше қажеттілігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер, мерзімді әскери қызметшілер және 15 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы аналар тегін кіре алады. Ол үшін тиісті құжатты көрсетіп, кассадан «нөлдік» билет алу жеткілікті.