Қоғам • 19 Қыркүйек, 2025

Дәмханада әдепсіз әрекет жасаған қыз ұсталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын полиция анықтады. Ол өз-өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан, деп жазады Egemen.kz.

Дәмханада әдепсіз әрекет жасаған қыз ұсталды

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Полиция оның Атырау қаласында жүрген жерінен ұстағанын мәлімдеді. Түсініктемесінде қыз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтаудың маңыздылығын еске салды.

«Айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау – «Заң және Тәртіп» қағидатының негізі», деп хабарлады полиция.