Төтенше жағдай • Кеше

Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.

Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде

Өртті сөндіруге осы күні 282 адам мен 121 арнайы техника тартылды. Оның ішінде Алматы облысы мен Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті, құтқару қызметі, әскери бөлімдер, сондай-ақ басқа да өңірлерден келген мамандар бар.

Қазір барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда. Жауапты мамандардың айтуынша, маңайдағы ауыл тұрғындарының өміріне еш қауіп жоқ. Десе де, Әли ауылының тұрғындары өрт тұтанған алғашқы күннен бастап-ақ түтінмен келген жағымсыз иіс бас ауыртып, ұйқының бұзылуына әсер еткенін, енді бірі есік-терезе аша алмай қалғандарын ашып айтты.

«Төтенше жағдай режимін енгізу – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы техниканың жұмысын тиімді үйлестіруіне мүмкіндік берді. Қабылданған шаралар өрт салдарын жедел жоюға бағытталды», – дейді ТЖД өкілдері.

Арнайы қызмет өкілдері ауа құрамын әрбір 4 сағат сайын тексеріп отыр. Мамандардың айтуынша, адам ағзасына қауіпті шектен тыс зиянды заттар анықталмаған.

Оқиға орнында палаталық лагерь мен далалық асхана орналасқан. Дәрігерлер кезекшілік жасап, өрт зертханасы мен ТЖД тергеу бөлімінің мамандары жұмыс істеуде.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше