
Акция барысында көшелер мен жол бойы, мекемелер маңы, тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, нәтижесінде 367 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 317 гектар жер тазаланып, 1500-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов табиғатты қорғау күнделікті өмір салтына айналуы қажеттігін атап өтті. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі Нұрлан Далдыбаев ұжымдардың тұрақты түрде мұндай шараларға белсенді қатысатынын жеткізді.
Іс-шараға Талдықорғандағы №8 орта мектеп ұжымы да атсалысып, оқушылар мен ұстаздар мектеп аумағын тазалап, жасыл желекке күтім жасады. Мектеп директоры Самғат Долаев мұндай дәстүр оқушылардың тәртібін нығайтып, экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал ететінін айтты.
Айта кетсек, 20 қыркүйекте облыс көлемінде жалпы сенбілік өтпек.