Атырау балықшылары салмағы осынша тартатын алып бекіре ұстады
Алып балық балықшылар торына үнемі түсе бермейді. Десек те, өткен сенбіде «Тілекші» серіктестігінің балықшылары бекіре тұқымдас бағалы алып балықты ұстады. Олар әдеттегідей Жайық өзенінің төменгі сағасынан балық аулауға шыққан. Сол сәтте салмағы 125 кило тартатын алып бекіре тұқымдас бағалы балықты ұстады. Оның ұзындығы 2 метр 30 сантиметр. Серіктестік жұмысшылары салмағы ауыр балықты арнайы көлікпен Атырау бекіре зауытына жеткізді. Зауыт директоры Рашидин Калимуллиннің айтуынша, бағалы балықтың басында және денесінде түрлі жарақаттары бар. Әлсірегені де байқалады. Осыған байланысты оның браконьерлер торына түскен болуы мүмкін деген жорамал да айтылады.
«Жарақаты бар балық бір аптадай зауыт мамандарының бақылауында болады», дейді зауыт директоры Рашидин Калимуллин. Сонан соң ол зауытта арнайы күтімге қалдырыла ма, әлде теңіз айдынына қайта жіберіле ме? Әзірге зауыт мамандары нақты шешім қабылдай қойған жоқ.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше