Спорт • 24 Қыркүйек, 2025

Нұрдаулет Жұмағали пара жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурда өтіп жатқан жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Нұрдаулет Жұмағали 100 метр қашықтықты брасс әдісімен 1:06.64 секундта жүзіп, күміс медальге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрдаулет Жұмағали пара жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ал чемпион атану мәртебесін бейтарап ел спортшысы Тимофей Гук 1:06.51 секундта иеленсе, үшінші орын украиналық Алексей Фединаға 1:06.99 уақытымен бұйырды.

Бұл Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионаттарындағы үшінші күміс медалі. Бұған дейін ол 2022 жылы Мадейрада және 2023 жылы Манчестерде жүлдегер атанған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 21–27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 75 елден шамамен 600 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түсіп отыр. Бұл турнир Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындары алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі жарысы ретінде өткізіліп отыр.

Қазіргі таңда елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі дамып келеді, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025