Инфрақұрылым • Бүгін, 04:57

Инфрақұрылым мәселесі жүз пайыз шешілген аудан

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің Абай ауданы шаһардың коммуналдық инфрақұрылым мәселесі түбегейлі шешімін тапқан әкімшілік аймағы атанып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Инфрақұрылым мәселесі жүз пайыз шешілген аудан

Статистикаға жүгінсек ауданда 27 елді мекен бар, 257 мыңнан астам халық тұрады. Аудан халқы түгел ауызсумен, электр жарығымен жүз пайыз толық қамтылған. Сонымен бірге осы жылғы ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газға қосылып, барша Абай жұрты көгілдір отынға қол жеткізді. Мұның бәрі елдің тұрмыс сапасын жақсартуды көздеген мақсаттың орындалғаны.

Ауданда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары да қарқын алған. Әкімшілік аймақтың 1274 көшесінің 844-і асфальтталған. Жыл соңына дейін тас жолдардың бәріне асфальт жабыны төселеді.  Осы кезге шейін 148 көше жөнделді. Алға қойған жоспарлар орындалса ауданда асфальтсыз және жөнделмеген бірде-бір көше қалмайды.   

Абай ауданында тұрғындардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. 2024 жылға дейін аудан көшелерінің тек 15 пайызы ғана жарықтандырылса, биыл 954 көшеге жарық шамдар орнатылды. Ал жалпы жыл соңына дейін ауданның барлық көшесі түнгі уақытта жарқырап тұратын болады. Осының бәрі Президент тапсырмасы аясында іске асып жатқан игі жұмыстар. Ондағы мақсат халықтың мейлінше тұрмысын қолайлы ету. 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше