
Бұл жұмыс шалғайдағы ауылдардың цифрлық инфрақұрылымын нығайтып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Айта кетерлігі, Кселл компаниясы орнатып жатқан базалық станцияларының 75%-дан астамы дәл осы 4G желісіне тиесілі.
Ең маңыздысы, аталған ауылдардың 59-ы «250+» жобасы аясында байланыспен қамтамасыз етілді. «250+» жобасының негізгі мақсаты — халқы 250 адамнан асатын шағын елді мекендерге жылдам әрі тұрақты ұялы байланыс орнату. Бұл жоба ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, ауыл тұрғындарының әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Жаңа 4G байланысы арқылы ауыл тұрғындары телемедицина, қашықтан білім алу, электронды мемлекеттік қызметтер мен кәсіпкерлік саласында тиімді әрі қолжетімді мүмкіндіктерге ие болады.
«Кселл интернеттің жылдамдығы мен сапасын арттыруға тұрақты инвестиция құйып отыр. Тек 2023–2024 жылдары ғана 255 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Әрбір жаңа базалық станция – бұл ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктерге ашылған есік. Біздің басты мақсатымыз – ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікті қамтамасыз ету», дейді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі ауылдардағы интернет трафигінің едәуір өсуінде байқалады. Мысалы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Кселл желісіндегі интернет трафигі 630 петабайтқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 67% өсті. Бұл көрсеткіштер желі сапасының жақсарғанын ғана емес, сонымен қатар ауыл халқының цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдана бастағанын дәлелдейді.
«250+» жобасы – тек байланыс сапасын жақсарту емес, ауылдық жерлердің өмір сүру деңгейін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды әлеуметтік бастама. Бұл жоба еліміздің цифрлық даму стратегиясының маңызды бөлігі ретінде еліміздің барлық аймақтарында тең мүмкіндіктерді қалыптастыруға үлес қосады.