Спорт • Бүгін, 17:17

Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бір топ ел спортшыларына 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі дайындалуы үшін  Халықаралық Олимпиада комитеті жекелей стипендия тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпадалық комитетке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды

Фото: olympic.kz

Бұл бастаманы Қазақстан тарабы жасап,  ХОК-мен бірлесе жұмыс жүргізіп, құжатты рәсімдеу ісінде жетекшілік еткен. 

«Бағдарламаның мақсаты - спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. Ұсынылған кандидаттар ұлттық федерациялар арқылы іріктеліп, гендерлік теңдік сақталды. Әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек спорт түрін қамтуға мән берілді, осылайша әртүрлі бағыттағы атлеттерге қолдау көрсетілді. Стипендия Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінде өнер көрсететін спортшыларға беріледі», делінген хабарламада. 

Стипендия алушы спортшыларға іріктеуден өтуге және  жоғары орындарға үміткер болуға мүмкіндік беретін нәтижелер, сондай-ақ допингке қарсы ережелерді бұзбау және Олимпиадалық хартияға қайшы келетін санкциялардың болмауы сынды міндетті талап та қойылған. 

Ел спортшылардың бұл бағдарламаға енуі олардың Олимпиада-2028 ойындарына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізуіне қосымша қолдау болып отыр.

Қазақстаннан бағдарламаға енген спортшылар қатарында: 

- Аида Әбікеева (бокс)

- Сағындық Тоғамбай (бокс)

- Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)

- Әбиба Әбужақынова (дзюдо)

- Милад Карими (спорттық гимнастика)

- Руслан Курбанов (семсерлесу)

- Исхар Курбаев (грек-рим күресі)

- Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)

- Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)

- Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу)

- Александра Ле (нысана көздеу, пневматикалық қару)

- Ислам Сәтпаев (нысана көздеу, пневматикалық қару)

- Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)

- Батырхан Төлеуғали (таеквондо)

- Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)

- Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)

- Әсем Орынбай (стенд ату)

- Сергей Петрович (ауыр атлетика)

- Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)

- Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика) бар. 

 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше