Қоғам • Бүгін, 19:18

Threads-тегі жұма күнгі толқын: халық үні ме, әлде сырттан жазылған сценарий ме?

10 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Жұма күні Threads желісін ҚҚС-ты көтеруге қарсы посттардың ерекше толқыны жайлады. Әдетте ескі тақырып саналатын бұл мәселе дәл сол күні күтпеген жерден резонанс тудырды. Қысқа мерзімді бұл белсенділік көпшілікті таңғалдырды. Бізге де бұл құбылыс қызық болды. Өйткені бірқатар күдікті жағдай байқалды. Олар бұл құбылыстың шынайы еместін және қоғам пікіріне ықпал етуге бағытталған мақсатты манипуляция болуы мүмкін екенін көрсетті. Біз өз талдауымызды жасап, Қазақстандағы белгілі саяси және медиатехнологиялар саласының сарапшыларымен сөйлестік.

Threads-тегі жұма күнгі толқын: халық үні ме, әлде сырттан жазылған сценарий ме?

Не болды?

Апта бойы Threads аудиториясы мүлдем басқа тақырыпты – көрші елден келген бір музыканттың концерті мен сол шараның продюсерінің даулы сөзі жайлы талқылап келген еді.

Сондықтан салықтың көтерілу тақырыбына жаппай ауысу күрт әрі шынайы емес көрінді. Күн ішінде лента 16%-дық ҚҚС-ты алып тастауға және баға өсіміне қарсы митингілерге шығуға шақырған бірсарынды посттарға толып кетті.

Жұма күнгі толқынды күшейтуде «тұрмыстық маркерлер» ерекше рөл атқарды. Әрбір қазақстандыққа түсінікті баға өсімінің нышандары пайдаланылды. Басты мысалға бағасы мың теңгеден асып кеткен «Alpen Gold» шоколады, 233 теңгелік бензин мен 4500 теңгелік сиыр еті алынды. Есеп қарапайым әрі тиімді еді – абстрактілі макроэкономиканы көпшілік түсінбесе де, дүкендегі баға белгісін бәрі көреді.

Сарапшылардың екеуі де бұл толқынды халықтың өздігінен туындаған наразылығы деп санамайды. Өйткені бәрі тым жылдам әрі ұйымдасқан түрде жүрді.

«Бұл адамдардың өзара айтысы немесе пікірталасына ұқсамады. Әркім әртүрлі тілде, әртүрлі акцентпен сөйлейтін табиғи орта болған жоқ. Мұнда нақты дайындалған схема сезілді. Ол жаппай әсер қалдыруға бағытталған. Жүздеген аккаунттың бір мезетте бір мәтінді немесе оның аздаған өзгерістерін қатар жариялауы – анық белгі. Бұл бастапқы толқынды тірі адамдар емес, әдейі іске қосылған механизм туғызғанын көрсетеді. Әрине, кейін оған шынайы қазақстандықтар да қосылды», – деді сарапшы Әділ Сейфуллин.

1Саясаттанушы Марат Шибұтов та жұма күні болған жағдайды скоординацияланған акция деп санайды.

«Әрине, оған өмірде бар адамдар да қатысты. Бірақ жасанды интеллект пайдаланылғаны да анық байқалды. Пікірталасқа нақты кім екенін анықтау мүмкін емес анонимдер араласты. Қазақстандықтар дәл сол күні, мысалы Backstreet Boys концерті өтіп жатқанда, ҚҚС мәселесін қызу талқылауы екіталай еді», - дейді ол.

Сарапшыларды жасанды шабуыл ойына жетелеген бірнеше аномалия бар.

Не күдік тудырады?

Атап айтқанда, оқиғаға аз уақыт қалғанда тіркелген жаңа аккаунттардың көптігі, олардың көбінде Instagram профилінің жабық болуы. Бұл аккаунттар бағаның өсуі мен халықтың тұрмыс сапасының нашарлауы туралы бірсарынды хабарламаларды таратты әрі бірден үлкен қамтуға ие болды. Ең қызығы – олардың көпшілігінде басқа ешқандай белсенділік болмаған: жеке контент те жоқ, бөтен тақырыптағы пікірталас та жоқ.

«Жаңа аккаунттың бірнеше сағатта мыңдаған реакция жинауы – қалыпты емес. Шынайы талқылауда бәрі баяу жүреді: әуелі таныстар қосылады, сосын ғана кеңейеді. Ал мұнда «жаңадан келгендер» бірден топқа шықты. Бұл «сетка» жұмысының айқын белгісі», – дейді Сейфуллин.

Ол тағы бір жайтты атап өтті: кейбір аккаунттар тек осы медиа-акция кезінде белсенді болды. Бұған дейін де, кейін де мүлде «бос» тұрған. Бұл оларды «ұйықтап жатқан ұяшықтар» ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Яғни арнайы дайындалған профильдер, тек қажетті сәтте ғана қосылады.1

Мұндай тәсілдің мысалдары да бар. K_kanatw аккаунты биыл ақпанда құрылған. Сол уақыттан бері тек екі жазба жариялаған – көктемде және жазда. Содан кейін ғана ҚҚС-қа қарсы үндеулерге белсенді араласқан. imadallin аккаунты Threads-те алғашқы жазбасын 21 тамызда орналастырған. Бірақ Instagram дерегіне сәйкес, бұл аккаунттың атауы 11 рет өзгерген. Ал dosikzt профилі 10 қыркүйекте белсенді болған. Оның ҚҚС тақырыбына арналған бар болғаны бес талқылауы екі күнде 22 мыңнан астам лайк жинаған.д

Сонымен қатар баға өсімі мен ҚҚС-қа қарсы шетелде тұратын қолданушылар да белсенді араласты. Мәселен, mrs.chaoticmind пен mali_aiss Өзбекстанда өмір сүретін көрінеді. Ал timtegrator мен d_makhambetsaliyev – қазақстандықтар, бірақ қазіргі кезде Лондонда тұрып жатыр.д

Әртүрлі, бір-бірімен байланысы жоқ пайдаланушылардың бір уақытта бірдей бағаларды атауы да күдік тудырады. Әсіресе «Alpen Gold» бәрінің аузында болды. Кейбір аккаунттар тіпті бірдей мәтіндерді көшіріп жариялады. Әділ Сейфуллин мұндайды тірі адамдар істемейтінін, боттарға тән әрекет екенін айтады.д

Тағы бір күмәнді фактор – шетелдік медиалардың белсенді араласуы, әсіресе ресейлік оппозициялық Ateo жобасы. Олар Қазақстанда жаппай наразылық болып жатқандай эмоциялық хабарламалар таратты. Ал іс жүзінде ондай ештеңе болмағаны белгілі.д

Неге Threads?

Платформа таңдауы да кездейсоқ емес. Telegram мен Instagram қазір тұрақты, енжар аудиторияға ие болса, Threads соңғы жарты жылда айтарлықтай күшейіп, Қазақстандағы басты пікірталас алаңына айналды. Дәл осы жерде жазда бірнеше танымал бизнес пен блогерлерді «кэнселдеу» жағдайлары болған.д

Threads үш себеп бойынша шабуылға ыңғайлы:

  • Аудиториясы жаңа әрі белсенді;

  • Анонимдік – көпшілік лақап атпен жазады, ал шын ат қою мұнда бастапқыдан-ақ әдетке жат саналатын;

  • Жаппай шабуыл мәдениеті – брендтерді немесе тұлғаларды бойкоттауға бағытталған ұжымдық акциялардың тәжірибесі бар.

Саясаттанушы Әділ Сейфуллин атап өткендей, Threads-тегі анонимдік пен жаппайлықтың үйлесуі оны жалған ақпарат таратуға осал құралға айналдырады.д

Кімге тиімді болуы мүмкін?

Алғашқы көзқараста бұл кампания бизнеске пайдалы болып көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде олай емес. Жұманың кешіне қарай талқылау салықтан асып, екінші «Қаңтар» ұйымдастыруға дейінгі үндеулерге ұласты. Бұл бизнес логикасына мүлдем сай келмейді, себебі бизнес тұрақтылыққа мүдделі.

«Салық кодексі былтыр күзде-ақ талқыланды. Сондықтан бизнес әлдеқашан бәрін шешіп қойған. Біреулер өзіне қолайлы шарт жасады, енді біреулер жағдайдың қиындағанына көнді. Бизнес мұндай акцияларға бармайды, ол тым қауіпті», – дейді саясаттанушы Марат Шибұтов.

Оның ойынша, ұйымдастырушылар шетелде орналасқан. Өйткені ішкі күштер қазақстандықтардың неге үн қататынын, неге үн қатпайтынын жақсы біледі. Ал мұндағы риторика көбірек саяси қысымға ұқсайды. Мысалы, біреу ҚҚС тақырыбын сылтау қылып, билікке қысым жасағысы келуі мүмкін. Бұл жерде құрал – бизнес емес, эмоционалды аудитория мен боттар арқылы қоздырылған Threads қолданушылары.

дМұны «жұманың» таңдалуы да растайды. Бұл – көрші елдерден алынған тәсіл. Бірақ Қазақстанда ол «онша жұмыс істемейді», сондықтан нәтиже бермеді.

«Әдетте ұйымдастырушылар Threads-тен басқа желілерге де шығарады да, артынша көшеге апаруды көздеді. Сол кезде Нью-Йоркте жүрген біздің Президент өте ыңғайсыз жағдайда қалар еді... Бірақ ештеңе де іске аспады», – деп түйіндеді сарапшы.

Қорытындысы қандай?

Жұма күнгі «бүлік» Threads алгоритмдерінің шынайы эмоция мен жасанды ақпаратты ажырата алмайтынын, керісінше оларды араластырып, органикалық көрініс тудыратынын көрсетті. Жалған ақпаратты әшкерелеу көбіне ұйымдастырушылардың өздерінің салақтығының арқасында мүмкін болды. Олар боттарды жеткілікті деңгейде әртараптандырып, табиғи көрініс беруге күш салмаған.

Айта кету керек, бұл – Қазақстанда жаңа танымал болған әлеуметтік желіде жасалған алғашқы ірі жалған ақпараттық шабуыл.

Бұл оқиға билікке кезекті ескерту – кез келген экономикалық реформалар уақытылы түсіндіріліп, қоғаммен талқылануы тиіс.

Қоғам үшін де сабақ – сыни ойлауды дамытып, ақпараттық шуды сүзгіден өткізуді үйренуіміз қажет.

Сондай-ақ бұл оқиға зерттеушілер үшін қызықты кейс бола алады. Цифрлық қарсылық құралдарының Facebook-тен Telegram-ға, одан кейін Threads-ке ауысқанын көрсететін мысал.

Жалпы қорытынды айқын: желідегі соңғы толқынның елеулі бөлігі көптеген фейк аккаунттардың жасанды манипуляциясы болып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше