
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Батыс өңірде түнде 12–17-ден 2–7 градусқа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20–28-ден 10–23 градус.
Солтүстік-батыста түнде 7–15-тен 3–11 градусқа дейін, күндіз 23–29-дан 10–18 градус.
Солтүстікте түнде 10–16-дан 5–13 градус жылы, күндіз 20–28-ден 12–25 градус.
Орталықта түнде 5–13 жылы, күндіз 20–25 жылы.
Шығыста түнде 0–8-ден 7–15 градусқа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15–25-тен 20–28 градус.
Оңтүстікте түнде 5–15, күндіз 25–30 градус жылы.