Саясат • Бүгін, 09:10

Екіжақты кездесулер өткізді

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау, сондай-ақ Того, Аустрия, Оман, Армения, Беларусь және Кипрдің Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Екіжақты кездесулер өткізді

Сурет: instagram.com/mfa_kz/

К.Ландаумен өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму болашағын талқылады. Екі мемлекет арасындағы әріптестіктің өзара сенім мен мүддеге негізделген тұрақты оң серпінге ие екені аталып өтті.

М.Нұртілеу Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жа­йына тоқтала отырып, еліміз­дің Орталық Азиядағы ең ірі экономика және еуразиялық хаб ретінде аймақтағы АҚШ-тың экономикалық қатысуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Того Корольдігінің Сыртқы істер, аймақтық интеграция және шетелдегі тоголез аза­маттарының істері жөнін­дегі министрі Роберт Дюссемен өткен кездесуде екіжақты қаты­настардың дәйекті түрде дамып келе жатқаны аталып өтті. Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды.

Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералды ми­нистрі Беата Майнль-Райзин­гермен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-аустриялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес аясындағы өзара іс-қимылды жандандырудың және екіжақты диалогті күшейтудің маңыздылығы аталып өтті.

Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаи­димен өткен кездесуде сау­да-экономикалық және инвес­­тициялық салалар­дағы әріп­тестікті тереңдету мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар тұрақты даму мен жаһандық қауіп­­сіздікті қамтамасыз ету үшін ха­лықаралық ұйымдар шеңбе­рінде іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығын жеткізді.

Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян­­мен өткен келіссөз­дер бары­­сында екіжақты және көпжақ­ты ын­ты­мақтастықтың өзекті мәсе­­­лелері қаралды. Армения Премьер-министрінің біздің елге ал­дағы ресми сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесуде саяси диалогтің дәйекті дамуы мен сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты кеңейту мәселелері тал­қы­ланды. Қос тарап гумани­тар­лық байланыстар мен өңір­ара­­лық ынтымақтастықты одан әрі да­мытуға өзара мүдделілік білдірді.

Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Констан­тинос Комбоспен кездесу барысын­да өзара сапарлардың қоры­тын­дылары талқыланып, көлік, энергетика, ауыл шаруа­шылығы және цифрлан­дыру салаларындағы ынтымақтас­тық­тың жаңа бағыттары белгі­ленді. Қазақстан Кипрдің Еуропалық Одақ Кеңесіне алдағы төрағалығы аясында өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.

Кездесулер қорытындысы бойынша барлық әріптес тарапынан өзара сенімнің жоғары деңгейі мен өзара тиімді ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға дайындық расталды.